Елімізде толық емес отбасыларға қандай көмек көрсетіледі?

11 Ақпан, 2019 283 1

Толық емес отбасы ретінде жесір әйел, ажырасқан және жалғыз басты аналар есептеледі. Әйел адам алғашқы сәбиін өмірге алып келсе, мемлекеттен 95 950 теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы ала алады.
Отбасында 4-ші және одан кейінгі бала дүниеге келгенде 159 075 теңге біржолғы жәрдемақы төленеді. Одан бөлек 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша: 1-ші балаға – 14 544 теңге; 2-ші балаға – 17 196 теңге; 3-ші балаға - 19 822 теңге; 4-ші балаға – 22 473 теңге көлеміндегі жәрдемақы қарастырылған. 
Сондай-ақ аталған санаттағы отбасы үшін ай сайын жанұядағы адам басына 15 498 теңге әлеуметтік қолдау төлемі беріледі және "Толық емес отбасы" санаты бойынша баспана кезегіне тұру мүмкіндігі бар. 
Одан бөлек, асыраушысынан айырылған жағдайда арнайы жәрдемақымен қамтылады. 
Жанұясында еңбекке жарамсыз бір адамы бар жұмыссыз анаға баласы сегіз жасқа толғанша - 25 541 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді.
Егер отбасында екі адам еңбекке жарамсыз болса - 44 251 теңге, үш адам болса - 54 942 теңге, төрт адам болса - 58 209 теңге, бес адам болса - 60 287 теңге, алты және оданда көп болған жағдайда 62 663 теңге берілетін болады. 
Сонымен қатар, "Алтын алқа" иесіне (7 және одан да көп бала) - 16 160 теңге, "Күміс алқа" иесіне (6 бала) - 16 160 теңге және 4-5 баласы бар анаға 10 504 теңге (01.01.2018 жылға дейін рәсемделген жағдайда) көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Тегтер: толық, емес, отбасы, көмек, Қазақстан,

Пікір қалдыру

Айман 12 Ақпан, 2019

Бул комекти алып откан жокпыз мен жесирмин бирак бундай комек тусимизге де кирмеген