"5 баласынан айырылған отбасының жағдайы төмен емес"
07 Ақпан, 2019 1190 0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова үкімет отырысында Астанадағы бес баласынан айырылған отбасының тұрмысы төмен емес екенін айтты деп жазады newsroom+ агенттігі Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.
"Әкімшіліктің ақпараты бойынша, бұл отбасы тұрмысы төмен отбасының қатарына жатпайды. Отбасының кіріс қаражаты жеткілікті болған", дейді вице-министр.
Министрдің сөзіне сүйенсек, бес баланың анасы еңбек келісімшарты бойынша, жас босанған ана ретінде қосымша уақыт беріледі екен. Сондай-ақ бес баланың анасы түнгі ауысымға шықпауына рұқсат етілген.
"Аталмыш отбасыға төтенше жағдай өкілдері екі рет келген. Отбасының жағдайын көрген олар әлеуметтік қорғау орындарына хабарласып, мән-жайды айту керек еді. Балалардың ата-анасы болса, олар әлеуметтік көмек сұрамағанын айтты", -дейді вице-министр.
Сондай-ақ вице-министр бес баласынан айырылған отбасы тиісті жәрдемақыны алып отырғанын айтып өтті.
Еске салсақ, 4-ақпанда Астана қаласында үй өртеніп, бір отбасы бес бірдей баласынан айырылды.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Тегтер: 5, бала, өлімі, астана, өрт,
Пікір қалдыру
КӨП ОҚЫЛҒАНДАР



Қазақстандықтардың орташа жалақысы 157 мың теңгеден асты – министр
11 Қыркүйек, 2018Соңғы жаңалықтар