Сарыағашта қуаты 20 МВт болатын күн электр стансасы іске қосылады

30 Қаңтар, 2019 695 0

 Түркістан облысының Сарыағаш ауданында қуаттылығы 20 МВт құрайтын күн электр стансасының құрылысы аяқталуда. Жобаны қазақстандық «EcoProTech-Astana» компаниясы германиялық «DERA GmbH» компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда.

«Түркістан» ƏКК» АҚ филиалы - «TURKISTAN INVEST» компаниясының мәліметінше, жаңа станса құрылысы аясында 77 мыңнан астам фотоэлектрлік модуль, 10 инвертор мен трансформатор, сондай-ақ, 10 таратушы құрылғы орнатылады деп жоспарланған. «Жасыл» энергия көздерінен  өндірілген электр энергиясы «KEGOC»-қа жеткізілмек. 
Тартылған инвестиция құны 35 млн доллар. Жобаны жүзеге асыру аясында 20 жұмыс орны ашылмақ. Қазіргі уақытта 42 гектар жердегі құрылыс алаңында модульдерге арналған металл конструкциялар салынған. Ағымдағы жылдың ақпан айында күн батареялары мен трансформаторлар блогы орнатылады. 


Тегтер: Түркістан, облыс, энергия

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.