Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

29 Қаңтар, 2019 324 0

Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Жаир Мессиас Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы newsroom+ порталы , Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Минас-Жерайс штатындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осындай қиын сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза тапқандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Бразилия халқына көңіл айтамын. Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін», – делінген жеделхатта.

Тегтер: Қазақстан, Бразилия, көңіл, айту, хат

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.