Назарбаев Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы хаттаманы ратификациялады

25 Қаңтар, 2019 546 0

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды newsroom+ порталы  Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Тегтер: Назарбаев, Қазақстан, Тәжікстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.