Нұрлан Сауранбаев жаңа қызметке тағайындалды

16 Қаңтар, 2019 691 0

Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі ресми парақшасында хабарланды.  

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы 20 мамырда туған, білімі жоғары, мамандығы  - экономист. 

Еңбек жолын 1991 жылы "Еңбек" компаниясының бас директоры болып бастады. 1997-2002 жылдары Қазақстанның кәсіпкерлер конгрессінің атқарушы директоры, "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның "Жолаушылар тасымалы" еншілес кәсіпорын директоры, "АНПЗ" ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті қызметтерін атқарды. 

2002-2016 жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Инжинирингтік және сервистік қызметтер департаментінің директоры, Мұнайды тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры, Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2017 жылдың ақпан айынан бастап "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы қызметін атқарды. 

2017 жылдың 7 қарашасында Шымкент қаласының әкімі болып  тағайындалды. 2018 жылғы 20 маусымда бұл қызметке Ғабидолла Әбдірахымов келді. 

"Құрмет" және "Парасат" ордендерімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалімен наградталған.


Дереккөз: ҚазАқпарат 



Тегтер: тағайындау, АқОрда, әкімшілік, президент, Елбасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.