Қатты аязда адасқан 67 жастағы әйел қардан пана жасап, аман қалған

10 Қаңтар, 2019 200 0

Пермь қаласынан келген турист әйел Челябі облысының тауларында адасып, далада от жағып түнеп шыққан.

«Таганай» ұлттық саябағы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұлттық саябаққа Пермь қаласынан бір топ альпинист спортшылар келіп, осындағы  шыңға шықпақ болды. 

7 қаңтар күні таңертең альпинистер тобы шыңды бағындыруға аттанады. Алайда саяхаттан оралғаннен кейін араларында бір турист әйел жоқ болып шыққан. Альпинистер өздерінің іздеу шаралары еш нәтиже бермеген соң, құтқарушылардан көмек сұраған. 8 қаңтардың таңында Златоусовский іздеу-құтқару жасағының қызметкерлері жоғалған турист әйелді іздеп тапты. 

Турист әйел альпинистік дағдыларының арқасында аман қалған. Адасып кеткенін, ал телефоны мен қалта шамы сөніп қалғанын түсінген ол өзіне қардан пана жасап, қалтасында қалған шақпақпен маздата от жағып жылынып отырған. 


Дереккөз: ҚазАқпарат 

Тегтер: оқиға, Ресей, әйел, қыс, тіріқалу

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.