Айжан Байзақова баласының әкесі кім екенін айтты

10 Қаңтар, 2019 2320 0

Аты-шулы Айжан Байзақова «Талқылайық» бағдарламасына сұхбат беріп, баласының әкесі туралы айтқан. Ол адам жұрт ойлағандай қалталы адам емес екен. Бұл туралы newsroom+ порталы reactor.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Менің ешқандай «ағашкам» жоқ. Ешқандай бай адамның көңілдесі болған емеспін. Ақша үшін ешкіммен төсен қатынасына түскен емеспін. Маған ондайды ешкім ұсынған емес. Баламның әкесі өзімнің сүйген адамым, сол адамнан сәби сүйгім келді. Ата-анам оны бірден ұнатты.
Балам өскенде мені түсінетін шығар деп ойлаймын. Өйткені оның бәрібір анасының кім болғанын білуге тура келеді және соны қабылдап, түсінсе екен деймін. Болашақта қызым болса қызымның дәл менің жасағанымды жасағанын қаламаймын. Бірақ қатты шектеу де қоймаймын, тек іс-әрекетін менен жасырмаса болды. Тату салдырамын, ішімдік ішемін десе әуелі маған айтқанын қалаймын. Мен әр нәрсенің жөнін түсіндіргім келеді»-дейді жас ана.

Тегтер: Байзақозва, Байзакова, бала, әке

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.