Қарағандыдағы кісі өлімі: Күдікті Гурурян ұсталды

09 Қаңтар, 2019 117 0

Қарағандыда 1 қаңтарға қараған түні бұзақылық әрекет жасады және адам өлтірді деп күдікке ілінген армениялық Нарек Гурурян ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ сыртқы және ішкі коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді, - деп хабалайды Tengrinews.kz. 

"Бүгін Қазақстан ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері Ресейдің құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, Омбы облысының территориясынан Қарағандыда 1 қаңтарға қараған түні бұзақылық әрекет жасады және адам өлтірді деген күдікке ілінген армениялық Нарек Гурурянды ұстады", - деп хабарлады Сәдубаев.  

Оның айтуынша, қазіргі уақытта күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Нарек Гурурян 1997 жылы туған, оған 3 қаңтарда халықаралық іздеу жарияланған. Оның суретін құқық қорғау органдары таратқан еді.  

ІІМ өкілдерінің айтуынша, Гурурян Ресейге 1 қаңтарда қашып қалған.



Тегтер: кісіөлімі, Қарағанды, қылмыс, ІІМ, Нарек, Гурурян

Пікір қалдыру