Білім-инновация лицейлері облыстық пәндер олимпиадасында үздіктер қатарында

09 Қаңтар, 2019 709 0

Еліміздің барлық өңірінде ашылған Білім-инновация лицейлерінің орта білім берудегі жетістіктері мол. Сөзімізге дәлел соңғы 3 жыл көлемінде республикалық пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде жеңіп алған жүлделі орындар дәлел, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Атап айтқанда, лицей оқушылары 2017 жылы облыстық пәндік олимпиададан 271 алтын, 277 күміс және 329 қола жүлде иеленді, барлығы 877 жүлде. 2018 жылы 265 алтын, 275 күміс тиісінге 345 қола жүлде иеленіп барлығы 885 жүлдені қанжығаларына байлады. Үстіміздегі жылы 298 алтын, 310 күміс, сол сияқты 311 қола медальға ие болды. Биылғы жүлденің жалпы саны 919. 

Айта кетсек,"Білім-инновация" ХҚҚ басқаруында 27 мемлекеттік лицей, Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжі, одан бөлек меморандум негізінде 3 мектеп (Атырау, Құлсары және Екібастұз қалаларында) жұмыс істейді.

2018-2019 оқу жылында республика бойынша қабылдау конкурсына 26 460 үміткер қатысып, нәтижесінде 7-сыныпқа 1674 оқушы қабылданды.

Тегтер: БИЛ, лицей, олимпиада, пәндер, білім, инновация, ортабілімберу, оқушы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.