Түркістан: Қазығұрт ауданында табиғи шырын өндіретін зауыт іске қосылды

09 Қаңтар, 2019 679 0

Аумағы екі гектарты қамтитын аталған жобаның жалпы құны 589 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігінің тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазығұрт ауданында бақша өнімдерінен шырын өндіретін кәсіпорын іске қосылды. Екі гектар аумақты алып жатқан жобаның жалпы құны 589 млн. теңгені құрайды. Бұл істі «Көрік ШҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып отыр. Серіктестік директорының сөзінше, «Делис» сауда белгісімен шығатын алкольсіз сусын химиялық қоспасыз дайындалатындығымен ерекшеленеді", - делінген хабарламада. 

«Қазығұрт» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын тәулігіне 8 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Өндіріске пайдаланатын жеміс жидектер аудан аумағынан табылады. Мұнда алма, алмұрт, қызанақ, сәбізден шырынның төрт түрі жасалады. Дайын өнім еліміздің барлық аймағына таратылады.

Мәлім етілгендей мекемеде 21 азамат жұмыспен қамтылған. Шағын зауыт заманауи технологиямен жабдықталған. Іс ілгерілесе, өнім көлемін арттыра түсу жоспарланған.

Айта кетейік, «Қазығұрт» индустриалдық аймағында 13 гектар жерге жалпы құны 2,3 млрд. теңгелік 7 жоба жүзеге асырылуда. Онда 173 жергілікті тұрғын еңбек етеді. Биыл тағы қосымша 3 жоба жүзеге асады деген меже бар.




Тегтер: Қазығұрт, зауыт, шырын, Түркістан, нысан, экономика, жұмыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.