Төлеби ауданында сала басшылары әкімге есеп берді

05 Желтоқсан, 2018 439 0

Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті.

Жиында негізгі деп танылған екі мәселе бойынша баяндамалар тыңдалды. Олардың біріншісі, аудан аумағындағы каналдар мен су тоғандарының жағдайы туралы. Бұл мәселе бойынша «Төлеби су шаруашылығы» МКК директоры Ж.Нысанбаев өз тарапынан атқарылған жұмыстардың есебін берді. 

Екінші негізгі мәселе аудан бюджетінің 11 айда игерілуі және индикаторлардың орындалуы болды. Аталған мәселе жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов есеп берді. Бауыржан Омарбеков сала басшыларының есептерді тыңдап шығып, қосымша нақты тапсырмалар берді. 

Біріншіден, ауылдық округтердегі каналдардың қазіргі жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесімен аудан әкіміне нақты ұсыныстар беру. Екіншіден, барлық қала, ауылдық округ әкімдері өз шоттарындағы қаржыны мерзімінде толық игеруді қажет екені ескертілді. Сондай-ақ, аудандық білім бөлімінің басшысына, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, мектеп асханаларының сапасына мониторинг жүргізу тапсырылды.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.