Қарағандыда қонақүйден ер адамның денесі табылды

06 Желтоқсан, 2018 413 0

Полиция Қарағандыдағы қонақүйлердің бірінен 32 жастағы ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды newsroom+ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 6 желтоқсан күні Қарағандыдағы қонақүйлердің бірінен 32 жастағы ер адамның денесі табылған.

Полиция қызметкерлері оның өліміне күдікті ретінде Қостанай облысының 39 жастағы тұрғынын ұстаған. Ол жанжал кезінде жәбірленушіні буындырғанын мойындады.

Осы дерек бойынша «Адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.