Әбіш Кекілбайұлы атындағы жаңа оқу залы ашылды

06 Желтоқсан, 2018 101 0

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындаҚазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткеріӘбіш Кекілбайұлы атындағы жаңа оқу залыныңсалтанатты ашылу кеші болып өтті.

Ә.Кекілбайұлы кітапханасы ең бай кітапханалардың бірі болып саналады. Әбіш Кекілбайұлы атындағы оқу залының қоры жазушының кітапхана коллекциясынан іріктелген жеке кітапханасының каталогы бойынша мынадай әдебиеттерді ұсынады: бұл - адамзат тарихына арналған мәдениет және өнер тарихы туралы басылымдар, планетаның ұлы тұлғалары туралы кітаптар, Қазақстанның ақындары мен жазушыларының кітаптары, альбомдар мен атластар, Қазақстанның географиясы мен тарихы және оның Шағын Отаны – Маңғыстаудағы алманахтар мен көптеген қызықты басылымдар.

Коллекцияда барлығы6019басылым ұсынылып отыр, оның ішінде5 883-ідана кітап, CD және DVD дискілеріндегі бейнефильмдер мен аудио кітаптар134дана және2библиографиялық брошюралар бар.

Іс-шара барысында Ә.Кекілбайұлының жеке кітапханасы қорындағы қаламгерлердің қолтаңба коллекцияларының жинағы бойынша жарық көрген«Қаламгер қолтаңбасы»кітабы таныстырылды.

Қазіргі таңда оқырмандардың сұранысына байланысты ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жазушының «Аңыздың ақыры»кітабын француз және қытай тілдеріне аударуда.

ҚР ҰАК қорында Ә.Кекілбайұлының көптеген шығармалары бар. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы базасындағы Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасының веб-порталында жазушымен авторлық келісім-шарт жасалынып, кітаптары оқырмандарға қолжетімді болып отыр. Оның бірнеше кітаптары цифрлық форматқа өтті: «Шыңырау», «Елең-алаң», «Құс қанаты», «Дала балладары», «Махаббат мұнарасы», «Заманмен сұхбат», «Ханша дария хикаясы».

Әбіш Кекілбаев қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосты. Ол Қазақстанның әдеби өмірінде айшықты орын алатын 50-ден астам кітаптың авторы.

Әбіш Кекілбаев Г.Мопассанның «Пьер және Жан», «Өмір», Ш. Айтматовтың «Ранние журавли» романдарын аударған. Л. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» эпикалық романының аудармасына қатысқан. Әбіш Кекілбаевтың аудармасындағы В. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта», «Король Лир», К. Гоццидің «Ханшайым Турандот», М.Кәрімнің «Айдың тұтылу түні», М. Фриштің «Дон Хуан немесе геометрияға деген сүйіспеншілігі», Г. Ибсеннің «Елес», А.Валехоның «Бүгін мереке» шығармалары республикалық театрлардың репертуарында қойылып жүр. Бұл жұмыстар көп томдық басылымдар мен жинақтарда ұсынылған.

Ә.Кекилбаевтың  шығармалар жинағы шықты:  (1989, 2003 ж.) 2 томдығы, (1999 ж.) 20 томдығы, 5 және 6 томдық шығармалар жинағы орыс тілінде (2009 және 2011 ж.), «Сыр Десте» 5 томдығы (2009), сондай-ақ, 2010 жылы қазақ тіліндегі ең ірі 20 басылымы бар. 

Аталмыш зал ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ашылды.

Оқу залының ашылуы жазушының отбасы мен оның жұбайы Клара Жұмабайқызының және немересі Абыл Кекілбаевтың көмегімен ашылып отыр.

Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының төрағасыҚасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Мәдениет және спорт министріАрыстанбек Мұхамедиұлы,Мырзатай Жолдасбеков, Несіпбек Айт, Төлен Әбдік, Дархан Қыдырәлі, Оразкүл Асанғазы, Алдан Смайыл, Қуаныш Сұлтанов, Оралбай Әбдікарімов, Сауытбек Абдрахманов, Көпен Әмірбек,  Шәрбану Бейсеноважәне т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.

Пікір қалдыру