Ғалымдар жезөкшелердің қашан жойылатынын айтты

06 Желтоқсан, 2018 288 0

Зерттеу нәтижесінде роботталған бордельдер жезөкшелердің орнын алмастыратыны анықталды деп жазады Stan.kz.

Жыныстық қатынас пен романтикалық қатынастарды зертетуші Халықаралық сексологиялық конгрес аясында әлеуметтанушылар сауалнама жүргізді. Көп адам роботты қуыршақтермен жақындасқанды жөн көрген. Ал, жезөкшелермен қатынасқа көп адам қызығушылық танытпаған.

Зерттеушілердің айтуынша, сексуалды қатынастың жаңа түрі 2035 жылға қарай қолданысқа енеді. Бұл кезеңде роботтар адамның айтқанын түсініп, орындауды үйренеді.

Тафтса университетінің мамандары роботтардың келуімен бірге тәжірибеде бордельдер, заңсыз жезөкшелік орындар жойыла бастайды.

Бұған дейін жезөкшелердің электронды секс-қуыршақтар индустриясына қарсы шығып жатқаны айтылды. Америкалық жезөкшелер қaрсылық ретінде Техаста алғашқы секс-қуыршақ борделінің жүріп жатқан құрылыс алаңына жиналды.

Ғалымдар ер адамдардың секс-қуыршақты қолдана бастауын әлеуметтік қатынастағы кей жүйенің жойылуынан деп санайды.

Пікір қалдыру