Қостанайда сәбидің басы орындыққа қысылып қалды

05 Желтоқсан, 2018 79 0

Қостанайда сәби орындықтың тесігіне басын кіргізіп, қайта шығара алмай қалған деп жазады newsroom+ порталы  Alau.kz- ке сілтеме жасап.

Бұл оқиға 4 желтоқсанда болған. Әйел орындыққа қысылып қалған немересінің басын шығару үшін құтқарушыларды шақырады.

Екі жасар қызды ата-анасы әжесімен бірге үйге тастап кеткен.

«Сәби ойнап отырған. Сол сәтте басын ағаш орындықтың арасына кіргізіп алыпты. Алайда, әжесі немересінің басын шығара алмаған. Сөйтіп құтқарушылар тобын шақырыпты», – дейді Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Бала ешқандай жарақат алмаған.  

Пікір қалдыру