«Алтын доп-2018» иегері белгілі болды

04 Желтоқсан, 2018 80 0

Парижде «Алтын доп»  сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Sports.kz.


Бұл марапат Мадридтің «Реал» командасының жартылай қорғаушысы және Хорватия құрамасының шабуылшысы Луки Модричке бұйырды.

2018 жылы ол «Реалда» үшінші рет Чемпиондар Лигасында жеңіске жетті, ал өз құрамасының сапында әлемнің вице-чемпионы атанды.

Еске сала кетсек, финалда Хорватия Францияға 2:4 есебімен жол берген еді.


Пікір қалдыру