«Junior Eurovision-2018» байқауының тікелей эфирдегі көрсетілімі «Хабар 24» арнасына ауыстырылды

25 Қараша, 2018 59 0

«Junior Eurovision-2018» байқауының тікелей эфирдегі көрсетілімі «Хабар 24» арнасына ауыстырылды деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Ринат Кертаевтың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап. 
Минскідегі «Junior Eurovision» балалар ән байқауының финалы 25 қараша күні сағат 21:00-де өтеді.
Техникалық себептерге байланысты «Балалар Евровидениесінің» тікелей эфирдегі көрсетілімі республикалық «Хабар 24» телеарнасына ауыстырылды.
Қазақ елі бұл өнер сайысына тұңғыш рет қатысып отыр. Байқауда еліміздің намысын Данэлия Тулешова қорғауда. Ол Ұлттық іріктеу конкурсының жеңімпазы.
Естеріңізге сала кетсек,  телекөрермендердің дауыс беруі қарашаның 23-і мен 25-і аралығында junioreurovision.tv. (сілтеме) сайтында өтіп жатыр.

Тегтер: ринат, кертаев, хабар, минск, данэлия, тулешова, сайыс

Пікір қалдыру