Түркістан: Мәслихат хатшысы мәселені талқылады

22 Қараша, 2018 59 0

Депутат - халық пен биліктің арасын байланыстырушы «алтын көпір». Осы қағиданы ұстанған Сайрам ауданы мәслихатының хатшысы Жансерік Сүлейменов сайлаушыларымен жүздесіп, ауыл тұрғындарының мәселесіне қанықты. Сондай-ақ, халық қалаулысы Елбасы жолдауын жүзеге асыруға бағытталған жаңа заңнамаларды түсiндiрiп, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Бұл туралы newsroom+ порталы өңірлік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Депутат алдымен Қарасу ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Басқосуда әлеумет халық қалаулысына мәселелерін айтып, оң шешімін табуға ықпал етуін сұрады. Ауыл тұрғындарын мазалайтын негізгі сауалдар – ағын судың тапшылығы мен жарықтың шалғай үйлерге толық жеткізілмеуі.

Бұл мәселеге Жансерік Сүлейменов бей-жай қарамайтынын жеткізді. Тиісті мамандардың ықпалымен тұрғындардың мұқтажын сейілтуге күш салатынын жеткізді.

Жансерік Сүлейменов – Сайрам ауданы мәслихатының хатшысы

Транформатор орнату оңай тірлік емес, қолдан келгенше әрекет етіп жатырмыз. Мұнан да өзге тұрғындардың мәселелері көп тыңдауға келдім. Енді орындауға ықпал етуім керек. 

Сондай-ақ, халық қалаулысы  Қарабұлақ, Ақсукент ауылдарын аралап, тұрғындардың тұрмыс жағдайына қанықты. Елдімекендерде мемлекеттік бағдарламалардың орындалу деңгейімен танысты. Өз кезегінде аудандық мәслихаттың 1 жыл ішінде атқарған жұмыстарын тізбектеді.

Жансерік Сүлейменов – Сайрам ауданы мәслихатының хатшысы

Жыл бойына 13 сессия өткізілді. Соның 1 еуі көшпелі. Жергілікті халық қалаулыларының ықпалымен бірқатар жұмыстар атқарылды.

Биыл  Қарасау ауылдық округіне қарасты алты көшеге асфальт төселген. Жарықтандыру жұмыстары да қарқынды жүзеге асқан. Ауылдарға «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында орталықтандырылған су жүйесі тартылған. Игілікті іске жергілікті тұрғындар разы.

Пікір қалдыру