"7-20-25": Созақта үй мәселесі талқыланды

22 Қараша, 2018 59 0

Үйсіздерге үміт сыйлаған бағдарлама. Елбасы пәрменімен 7-20-25 бастама, баспана алуға бағытталған. 25 жылға дейін 7 пайыз үстемемен ипотеканы рәсімдеуге мүмкіндік береді. Айлығы төмен мемлекеттік қызметкердің қалтасын қақпайтын жоба, елімізде қарқын алды.

Бүгінде Созақ ауданында тұрғын үй кезегіне 654 азамат тіркелген. Оның 425-і халықтың әлеуметтік әлсіз топтар санатынан. Ата-анасының қамқорынсыз қалған 91 бала және 122 мемлекетік қызметшілер 7-20-25 бағдарламсын ауылды жерлерде жүзеге асыру үшін қиындықтар болатынын жеткізген. Сала мамандары, әзірше арнайы 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын қалғанын айтты.

Бауыржан Әбенұлы - Созақ аудандық  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

7-20-25 бағдарламасымен ипотека алу үшін бірінші кезекте  басыңызда баспана болмауы тиіс. Алайда, жалақысы жоғары тұрақты жұмысы міндеттеледі. Мәселеен, Астана, Алматы қалаларында айлық жалақы көлемі 200 мыңнан жоғары болса, өзге  облыс, аудандарда 120 мың теңгеден кем болмауы қажет.

Бақтыбек Убайдин - Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы

Пәтерге қол жеткізуді арман еткен азаматтар қажетті ақпаратпен қанықты. Сала мамандарына көкейіндегі саулардарын жолдап, тұшымды жауап ала білді.

Пікір қалдыру