Түркістан: Өнерлі жастар байқауы өтті

22 Қараша, 2018 61 0


Түркістанда жас өнерпаздардың сайысы өтті. Жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға «Дарабоз» қоғамдық қоры мұрындық болған.

4 пен 19 жас аралығындағы жеткіншектерді қамтыған сайысқа ұзын ырғасы 170 балғын қатысты. Барлығы өнерлі. Бірі көркемсөз оқудан бағын сынаса, енді бірі математикалық сауаттылығын сынға салды деп хабарлайды newsroom+ порталы өңірлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ғалымжан Бекболатов – «Дарабоз» қоғамдық қорының жетекшісі

Қазақ өнерден ешқашан кем болған емес, сол өнерді ары қарай дамытып, мына жастарды өнер білімге баулуымыз қажет. Міне осындай мақсатта қолға алып отырмыз.

Облыс орталығында алғаш рет ұйымдастырылған додаға өнерпаздар мейлінше жоғары дайындықпен келген. Жас балғындар жүрек тебірентіп ән шырқап, көрерменнің көңілін көтерді.

Екі күнге созылған сайыс қорытындысымен қатысушылар 13 номинация бойынша жүлделі сыйлықтар мен дипломдарға қол жеткізді. Бас жүлде және бірінші орын иегері Республикалық байқауға жолдама алды. Енді олар Алматы қаласында өтетін додада Түркістан облысының намысын қорғайды.


Пікір қалдыру