​Созақта жас суретшілер байқауы өтті

22 Қараша, 2018 37 0

Түркістан облысы, Созақ ауданының Таукент кентінде жастар ісі жөніндегі мамандардың ұйымдастыруымен мектеп оқушылары және колледж студенттері арасында жас суретшілер байқауы өтті, деп хабарлайды newsroom+ Созақ ауданы «Жастар орталығы» КММ-не сілтеме жасап. 

Жас суретшілер байқауына Таукент кентіндегі мектеп, колледж бойынша барлығы 8 үміткерлер қатысты. Қатысушылар бар өнерін көрсетіп, тапсырма бойынша тақырыпты бояумен аша білді. Комиссия қорытындысы бойынша үміткерлерден алынған жұмыстарына зерделеу, тексеру, бағалау жұмыстары жүргізіліп, байқау жеңімпаздары анықталды. 

Байқау комиссиясы байқауға қатысушы үміткерлердің жұмыстарының А3 форматта түрлі қол жетімді тәсілдермен салынғанына қарады. Комиссия қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары: 

І– орын І.Кеңесбаев мектебінің 8 – сынып оқушысы Жақып Жансезім 

ІІ – орын С.Әліұлы мектебінің 6 – сынып оқушысы Айбекқызы Динара 

ІІІ – орын І.Кеңесбаев мектебінің 7 – сынып оқушысы Өміртай Еркін Байқау жеңімпаздары арнайы демеушілер есебінен мақтау қағазы және заттай бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Пікір қалдыру