Түркістан облысында этномәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті

22 Қараша, 2018 58 0

Түркістан облысында 10 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Этномәдени бірлестіктер арасындағы достықты дәріптейтін спартакиаданың өтуі дәстүрге айналған.

«Manchester» спорттық кешенінде Түркістан облысындағы этномәдени бірлестіктер арасында дәстүрлі спартакиада кезекті рет жалғасын тапты, деп хабарлайды newsroom+ порталы ERNUR.KZ-ке сілтеме жасап. 

Спартакиаданың ашылу салтанатына Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы Мадина Камеденова барша қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Өңіріміздегі этностардың достығын, берекелі бірлігін одан әрі нығайтуда мұндай шаралардың маңызы зор екендігіне тоқталды. Сайыс барысында қатысушылар кіші футбол, стол теннисі, шахмат, қашықтыққа жүгіру, дойбы сынды спорттың бес түрінен өтуде. Өзара мықтыны анықтау үшін түрлі ұлт өкілдерінен жасақталған бес команда сынға түсті.

Түркістан облыс әкімі аппаратының қоғамдық келісім КММ басшысының міндетін атқарушы Заңғар Үсіпахметов спартакиаданы ұйымдастырудағы мақсат ұлттар арасындағы татулықты дәріптеу екендігін, алдағы уақытта осындай іс-шараларжалғасын таба беретіндігін айтып өтті. 

Өңірімізде бір шаңырақтың астында бірнеше ұлт диаспоралары бейбіт ғұмыр кешуде. Сол ұлттардың салты мен дәстүрін жаңғыртуға мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп келеді. Этномәдени бірлестіктер арасындағы кезекті спартакиада соның айғағы.

 -Мен үстел теннисінен бүгінгі сайысқа қатысуға арнайы Сайрам ауданынан келдім. Спорт пен қозғалыс- өмірдің мәні деп есептеймін, және барша жұртты спортпен шұғылдануға шақырамын деді, - спартакиадаға қатысушы Тоймұрат Ешимов. 

Аса тартысты өткен сайыс нәтижесінде бас жүлде иегері Түркістан қаласынның командасы, ал бірінші орынға облыстық өзбекэтномәдени бірлестігі ие болды. Сонымен қатар екінші орын Сайрам ауданының командасына бұйырса, үшінші орын түрік этномәдени бірлестігі иеленді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйлыққа ие болды.

Пікір қалдыру