«Отандастар» делегациясы Түркістан облысының киелі жерлерін аралауда

22 Қараша, 2018 632 0

«Отандастар» Қоры Қоғамдық даму министрлігі мен Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы біріге отырып, «Туған жерге тағзым» атты кең ауқымды жобаны бастады. Алыс-жақын шетелдерден арнайы келген қандастарымызға Қазақстанның киелі жерлеріне тарихи-танымдық экскурсиялар сериясы ұйымдастырылуда. Жобаның алғашқы экскурсиясы түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан өңірінің киелі жерлерінен бастау алды. 

Мұндағы мақсат тарихи орындарды және өңірдің өзге де көрікті жерлерін отандастарымызға таныстыру. Осы арқылы қазақ халқының мәдени және рухани құндылықтарын насихаттап, қандастарға туған жердің ыстықтығын жүректеріне жеткізіп, рухани азық сыйлау.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.