Түймебаев форумда өзбекше сөйлеп, делегаттарды таңғалдырды (видео)

17 Қараша, 2018 761 0

Шымкентте өткен форумда өзбекше сөйлеген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысушылардың көңілін көтерді деп хабарлайды newsroom+ агенттігі NUR.KZ –ке сілтеме жасай отырып.



Шымкентте өткен Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастық форумында сөз сөйлеген Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өзін жаңа қырынан танытты.

Бұған дейін шет тілдердің ішінде түрікше сөйлеп көзге түскен облыс басшысы бұл жолы өзбекстандық делегаттарға өзбек тілінде құрмет көрсетті. Форумға келгендері үшін көрші елдегі әріптестеріне алғыс айтқан шенеунік әрі қарай сөзін орыс тілінде жалғастырады.

Еске сала кетсек, Шымкентте өткен өңіраралық ынтымақтастық форумы Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында ұйымдастырылып отыр.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.