Қазақстандықтардың орташа жалақысы 158,2 мың теңге болды - министр

13 Қараша, 2018 1416 8

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы орташа жалақы көлемін атады, деп хабарлайды newsroom+ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері 414,5 мың адам жұмысқа орналасқан және қазан айында жұмыссыздық деңгейі 4,8% дейін төмендеген.

«Жалақы бір қалыпты қарқынмен өсуде. Биылғы қаңтар-қыркүйекте орташа айлық жалақы 158,2 мың теңгеге дейін ұлғайды. Жалақының өсуі және инфляциялық процесстердің бәсеңдеуі аясында нақты ақшалай табыс биылғы қаңтар-тамызда 3,5%-ке өсті», - деп атап өтті Тимур Сүлейменов бүгінгі Үкімет отырысында.

Дегенмен, халықтың табысы бойынша өңірлерде түрлі көрсеткіштер байқалған.

«Биылғы қаңтар-маусым айларында 17 өңірдің 13-інде нақты табыстардың өсуі байқалып отыр. Сонымен бірге, 4 өңірде нақты табыстар азайған. Олар - Маңғыстау (-4,5%), Қызылорда (-2,6%), Алматы (-0,4%) облыстары және Алматы қаласы (-0,6%)», - деді Т. Сүлейменов.

Тегтер: жалақы, минстр, Сулейменов, Тимур

Пікір қалдыру

Нұртөре 13 Қараша, 2018

Орташа жалақыны қалай есептейді?

Алибек 13 Қараша, 2018

Есеп білмейме немене бәле кім алады ондай жалақыны 70 =80мың десе сенетін едім

Нұрлан 13 Қараша, 2018

барлық жерде емес , ен төмеңгі жалақыны білем неге десең мен нің туған әр кем жұмыс істейді ауыруханада алатын жалақысы 15000 "ОН БЕС МЫҢ "

Төре 14 Қараша, 2018

Бұндай көрсеткіш ті қайдан алған ең төменгі дейді ғой? Ұят, Ао ,Намысы жоқ министрлердің. Елді аоалап көріп айтса болады ғой

Сахария 14 Қараша, 2018

Мен Аудан орталығынды ƏКИМАТТА жүргізуші болып 9 -жыл жұмыстадым тұрақты жалақа 36 мың .Ауырухана Мектеп жүргізушілері бірдей .Ал мына минстр мырза бұл жалақыны қайдан қандай мəліметерге сүйенді екен .Мүмкін өзінің туған туыстары алатын шығар .Елбасын осылай алдап есеп бергенше тілің байланып қалсын ақымақ жемқор .Мұғалім Дəргерлер 60 - 70 мыңнан артық жалақы алса мені тауып сөз сайысына шықшы СУАЙТ минстр бауырым .Шіркін сені сотқа беріп өтірігіңді дəлелдетсе бірақ бізде ондай əділет жоққой оттай беріңдер .

Айтжамал 14 Қараша, 2018

Откуда такие цифры, господин министр ? Вы на таблицы статистики не заглядывать. Лучше садитесь в общественный автобус и проедьте по районам и аулам, может быть тогда Вы перестанете успокаивать себя и других чиновников этими завышенными цифрами.Даже в регионах в городах как Караганда Зар плата средняя от 40 тыс. Лучше горькая правда, а не сладкая ложь !

Нурдаулет 14 Қараша, 2018

Кутты болсын! Жаксы айлык аласындар жогарыда откан агаларымыз. Карапайым халыктын орташа айлык корсеткиши 70 000тг

Гулсим 15 Қараша, 2018

Бул баланын былымынын томен екенын корсетып отыр,жай гана санауды былмейтын адам,калайша сондай лауазымды кызметте отыр.