Журналист Санрабия Сатыбалдиеваны үйінің маңында пышақтап кеткен

09 Қараша, 2018 219 0

Қырғызстанның Джалал-Абад қаласында журналист Санрабия Сатыбалдиеваға шабуыл жасалды. Алдын ала алынған ақпарат бойынша, белгісіз біреу оны үйінің маңында пышақтап кеткен. Бұл туралы журналистің таныстары хабарлады деп жазады newsroom+ порталы  Азаттыққа сілтеме жасай отырып. 

Олардың айтуынша, журналист ауруханаға жеткізілген. Санрабия Сатыбалдиева – YouTube-тағы MalinaTV каналында жүргізуші. Ол хабарларында әлеуметтік мәселелерді жиі көтереді.

Пікір қалдыру