Әпкесі 6 айлық бүлдіршінді сабап өлтірген

08 Қараша, 2018 248 0

Американың Висконсон штатында 10 жастағы қыз алты айлық баланы тепкілеп өлтірген. Бұл туралы newsroom+ порталы reactor.inform.kz- ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Балаларды қарау орталығының тәрбиешісі күндізгі уақытта балаларды серуенге алып шықан. Алты айлық бала ұйықтап жатқан. Біраз уақыттан кейін басқа балалармен бірге серуенге шыққан 10 жастағы қыз бөлмеге қайтып кеткен.

Ал тәрбиеленуші келгенде алты айлық бала қансырап еденде жатқан. Тергеу нұсқасы бойынша жеткіншек сәбиді керуеттен көтеріп алып, жерге құлатып алған. Ал еденге құлаған бала жылай бастаған.

Сол кезде 10 жастағы қыз ол жылағанын қою үшін басынан тепкілеген. Сәби ауруханаға жеткізілгенімен, бас сүйек жарақатынан көз жұмған. Сот 10 жастағы қызды қамауда ұстау туралы шешім қабылдап, 50 мың доллар мөлшерінде кепіл тағайындаған.

 

Пікір қалдыру