Астанада «Алаш туы астында» деректі фильмнің тұсаукесері өтті

07 Қараша, 2018 52 0

"Сарыарқа" сауда орталығында Алаш ұлт-азаттық қозғалысына арналған "Алаш туы астында" деректі фильмінің тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды newsroom+ порталы  қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

 Кинокартинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен "Қазақфильм" киностудиясы мен "Ел" продюсерлік орталығы бірлесіп түсірген. 1918 жылы Уфа қаласында Мемлекеттік мәжіліс өтіп, онда Алаш қайраткерлері ұлт-азаттық күрес мүддесін заңды түрде қорғаудың үлгісін көрсетті.

Фильмнің көрсетілімі осы тарихи датаға орай ұйымдастырылды. Фильм сценариінің авторы Болат Мүрсәлімнің айтуынша, түсірілім Ресейдің төрт қаласында жүргізілген.

Фильм режиссері Ерген Тоқмұрзин. Кинотуынды "Оян, қазақ", "Жарияланбаған автономия" және "Қатерлі өткел" атты үш бөлімнен тұрады.

Пікір қалдыру