Қазақстандық танымал каскадер Қасым Жұмағожин қайтыс болды

05 Қараша, 2018 143 0

Nomad Stunts командасының өкілі қазақстандық танымал каскадер Қасым Жұмағожин қайтыс болды, - деп хабарлайды newsroom+ порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Оның дүниеден озғаны туралы 3 қарашада белгілі болды. Каскадерлар командасының менеджері Евгения Лидің айтуынша, 34 жастағы жігіттің неден қайтыс болғаны әзірше белгісіз. "Біз үшін бұл тосын жай болды. Бүгін таңертең жайсыз хабар естідік. Бірінші кезекте Қасымның жақындарына көңіл айтамыз. Ертең оның командадағы серіктестері отбасына барып, қажетті көмек көрсетеді", - деді Евгения Ли.

Қасым Жұмағожин қазақстандық, ресейлік және голливудтық фильмдерде ойнаған. Еңбең жолын 2005 жылы "Көшпенділер" фильмінен бастаған. Сол жылы ол Тимур Бекмамбетовтың "Дневной дозор" мильміне түскен. 

Сондай-ақ ол мынадай фильмдерге түскен: "Волкодав из рода Серых псов" (2006), режиссер Николай Лебедев (Ресей); "Махамбеттің қылышы" (2006), режиссер Сламбек Тәуекел (Қазақстан); "Код апокалипсиса" (2007), режиссер Вадим Шмелев (Ресей); "Рэкетир" (2007), режиссер Ақан Сатаев (Қазақстан); "Мұстафа Шоқай" (2008), режиссер Сатыбалды Нарымбетов (Қазақстан); "Қош бол, Гүлсары!" (2008), режиссер Ардақ Әмірқұлов (Қазақстан); "Секер" (2009), режиссер Сәбит Құрманбеков (Қазақстан);

 

Пікір қалдыру