Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

01 Қараша, 2018 196 0

Қазақстандықтар желтоқсанда 13 күн демалады. 1 желтоқсан Тұңғыш Президенттің күні болып саналады.

Бұл мереке сенбі күніне түсіп тұрғандықтан бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін дүйсенбі 3 желтоқсан демалыс болады. 16 желтоқсанда Қазақстанда Тәуелсіздік күні аталып өтеді.

Әдетте Тәуелсіздік күнінде екі күн демалады, бірақ 16 желтоқсан жексенбіге түсетіндіктен қазақстандықтар 15-18 желтоқсан аралығында демалады. 19 желтоқсан жұмыс күні болады. Ал Жаңа жылда қазақстандықтар сенбі 29 желтоқсанда жұмысқа шығып, дүйсенбі 31 желтоқсанда демалады.


Пікір қалдыру