Еуропалық сарапшы: Қазір Қазақстан сияқты өзгелермен жақсы қарым-қатынастағы елдер аз

30 Қазан, 2018 265 0

Қазір барлық негізгі ойыншылар сенетін әрі жұрттың бәрімен жақсы қарым-қатынас орнатқан елдер аз. Қазақстан - солардың бірі. Бұл туралы newsroom+ агенттігі «ҚазАқпарат» ХАА-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды. Қауіпсіздік және даму саясаты институтының директоры Сванте Корнелл (Швеция) айтып берді.

«Президент Назарбаевтың АСЕМ (Брюссельдегі «Азия - Еуропа» форумының 12-ші Саммиті) отырысында оқыған баяндамасы кейбіреулерге маза бермеуі мүмкін, өйткені ол геосаяси бәсеке және бақылаудан шығып бара жатқан шешілмеген қақтығыстар мәселесін көтерді. Алайда Президент Назарбаев көптеген еуропалықтар мен азиаттарды алаңдатап жүрген мәселелерді айқын көрсетіп берді. Яғни бүгінгі әлем кешегіге қарағанда қауіпсіз, алайда бүгін тәуекелдер өте көп», - деді Сванте Корнелл. 

«Қазақстан Президенті ұлы державалардың бәсекелесу арқылы аймақтық қақтығыстарды шиеленістіріп жатқанына, бұл жағдай түйіткілдерді шешуді қиындатып отырғанына саммит қатысушыларының назарын аударды», - деді ол.

Осыған орай, сарапшының пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы державалардың арасында диалог орнату бастамасы қажет әрі ұнамды бастама.

«Мұны іске асыруға бола ма, жоқ па - әзірге белгісіз. Бірақ мәселе мынада, қазір барлық негізгі ойыншылар сенетін әрі жұрттың бәрімен жақсы қарым-қатынас орнатқан елдер аз. Қазақстан - халықаралық саясаттағы позитивті рөлі мемлекет аясынан шығатын елдердің бірі. Егер Президент Назарбаев ұсынған диалог іске асатын болса, оны Астанада өткізу қисынды болар еді», - деп түйді Сванте Корнелл.

Тегтер: Назарбаев, Қазақстан, Еуропа, сарапшы

Пікір қалдыру