Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

27 Қазан, 2018 96 0

Жұма күні Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында желтоқсанда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1 долларға көтеріліп, 77,73 долларды құрады.  Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) желтоқсан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,26 долларға өсіп, 67,59 долларды құрады.

 

Пікір қалдыру