Safari Shardara: Түркістанда фестиваль басталды

26 Қазан, 2018 101 0

Шардара су қоймасында Түркістан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың Safari Shardara халықаралық фестивалі басталды. Бұл туралы newsroom+ порталы baq.Kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Облыстық туризм басқарма басшысының орынбасары Жасұлан Төлебеков фестивальдің қандай мақсатта ұйымдастырылып жатқанын түсіндірді.

«Safari Shardara фестивалі аясында саятшылар, түйе жарысы қазақша күрес, гир көтеру, бөренеге өрмелеп шығу, қошқар көтеру секілді ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Сондай-ақ джиптер және мото шеру, желкенді қайық, ескек есу жарыстары өтеді. Шараға Өзбекстан, Моңғолия, Германиядан келген спортшылар бар. Мақсатымыз өңірдегі туристік әлеуетті арттыру», - деді.

Сонымен қатар шараға саятшылық өнерін әлемге насихаттап жүрген Айшолпан Нұрғайыпқызы шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын жеткізді.

Сонымен қатар шара аясында әншілер, цирк өнерпаздары мен акробаттары өнер көрсетеді.


Пікір қалдыру