Нокауттан соң Данияр Елеусіновтің әлемдік рейтингтегі орны жоғарылады

22 Қазан, 2018 91 0

Кеше қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов жартылай орта салмақтағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл Даниярдың әлемдік рейтингте  біршама жоғары көтерілуіне жол ашты, деп хабарлайды newsroom+ ҚазАқпарат-қа  сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Бостондағы (АҚШ) TD Garden аренасында өткен бокс кешінде жергілікті Мэтт Доэртимен айқасқан Елеусінов бірінші раундта-ақ қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Бұл жеңіс боксшының BoxRec.com сайтының рейтингінде біршама жоғарылауына жағдай жасады. 27 жастағы боксшы бірден 39 саты көтеріліп, 224-орынға шықты.

Елеусінов келесі жекпе-жегін 24 қараша күні Монте-Карлода (Монако) өткізеді. Қарсыласының есімі кейінірек хабарланады.

Пікір қалдыру