Сұлтан Бейбарыс мешітінің жөндеу жұмыстарына Қазақстан 4,5 миллион доллар бөлді

18 Қазан, 2018 465 0

Каирде Сұлтан Бейбарыс мешітінің қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды, - деп хабарлайды newsroom+ агенттігі  Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.


 Мысырдың Ескі заман министрі Халед әл-Анани археологиялық және архитекторлық зерттеу нәтижесінде жерасты жұмыстары мен іргетасын көтеру шаралары аяқталғанын хабарлады. Ары қарай күмбезді бөлмелер, дәліздер, мұнаралары, орталық алаңы және сыртқы қабырғаларын көтеру жұмыстары қарастырылады. Техникалық бақылау жұмыстарын мысырлық археологтар мен тарихшылардан құралған арнайы комиссия атқарады. Осы комиссия бұрындары қызыл кірпіштен көтерілген ішкі колонналардың орнына түпнұсқаға ұқсас жоғары сапалы гранит пайдаланылатынын айтты. 


Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев Сұлтан Бейбарыс мешітінің қайта қалпына келтіру жұмыстарына қанағаттанарлық баға берді.

"Мысыр басшылығының жалпы ұлттық құндылығымызды сақтау мақсатында шаралар жүргізіп жатқанын жоғары бағалаймыз. Мысырды бүкіл әлемге мұсылман орталығына айналдырған әрі Аббасид халифатының астанасы еткен ұлы Сұлтан Бейбарыстың дәуіріне тиесілі бұл тарихи ескерткіш таяу уақытта қайта қалпына келтіріліп, аса маңызы бар және Мысырдың мұсылман әлемі мен Таяу Шығыста беделін көтереді", - дейді қазақстандық дипломат.


 Мешіт құрылысына жалпы мөлшерде 12 миллион доллар жұмсалады. Оның қайта қалпына келтіру жұмыстарына Қазақстан 4,5 миллион доллар (Мысыр шамамен - 5,6 миллион доллар бөліп отыр) бөлді.  Болжаммен, қайта қалпына келтіру жұмыстары 18 айдан соң аяқталады.


Пікір қалдыру