Брюссельде Нұрсұлтан Назарбаев пен Бельгия Королінің кездесуі өтуде

18 Қазан, 2018 111 0

Бельгиядағы Корольдік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бельгия Королі Филиппен кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды newsroom+ ақпараттық агенттігі  «ҚазАқпарат» ХАА-ға сілтеме жасай отырып. Тараптар саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың басты аспектілерін талқылайтыны күтіледі.

 Еске сала кетейік, Мемлекет Басшысы Брюссель қаласына «Азия-Еуропа» Форумының (АСЕМ) 12-ші саммитіне қатысу үшін келді. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев жоғары деңгейдегі бірқатар екіжақты келіссөздер өткізеді, сондай-ақ еуропалық іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.

Тегтер: Назарбаев, Филипп, АСЕМ

Пікір қалдыру