Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама пайда болды

17 Қазан, 2018 2279 7

"Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" АҚ өкілдері жаңа ипотекалық бағдарламаның жүзеге асырылғаны жайлы хабарлады. 

Ипотека 12 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Олардың айтуынша, жаңа ипотека түрі басқа пәтері болса да, бастапқы және қайталама нарықтағы пәтерді алуға мүмкіндік береді. Несиелеу процесі серіктес болған банктердің көмегімен жүзеге асырылады.

 "Қарыз алушының төлем қабілеті толықтай расталған жағдайда жылдық мөлшерлеме 12 пайыз болады. Ипотека 16 қалада беріледі. Несиені кез келген жасы 21-ден асқан қазақстандық ала алады. Бірақ несиені төлеу мерзімі аяқталар кезде несие алушының жасы зейнет жасынан аспауы тиіс", - деп түсіндірді компания өкілдері. 

Айтуларынша, бастапқы жарна соманың 30 пайызына тең болуы керек.

 "Бастапқы жарна - 30 пайыз. Біз оны ақша түрінде ала аламыз, ақша болмаған жағдай бастапқы жарна ретінде қосымша кепіл аламыз. Берілетін қарыздың максималды сомасы - 40 миллион теңге, минималды - 1 миллион теңге. Ипотеканы 20 жылға дейін рәсімдеуге болады", -  деді "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" АҚ  басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов. 

Компаниядағылардың сөзіне сүйенсек, клиент пәтерді өзі таңдайды да, ол жайлы банктің серікстесіне хабарлайды. Кейін банктегілер қажетті құжаттарды жинап, ипотекалық компанияға өтініш жолдайды. Сосын ғана ипотекалық компания қарыз алушының төлем қабілетін тексеріп, қабылдаған шешімін банкке хабарлайды. Өтініш көп болса 3 жұмыс күні ішінде қаралады.

 "Қаражатты мемлекеттен алмаймыз. Біз Қазақстан қор биржасының облигациялық бағдарламасы есебінен 5 миллиард теңге алдық. Инвесторларымыз - банктер мен сақтандыру компаниялары. Биыл тестілеу режимінде 3-4 миллиард теңге жоспарлап отырмыз. Бұл өніміміз халыққа ұнаса, келесі жылы 30-40 миллиард теңге беруді жоспарлып отырмыз", - деді Мұхамеджанов.

Дереккөз: tengrinews.kz


Пікір қалдыру

Гүлмира 17 Қазан, 2018

34000000тг үй аламыз деп отырмых .алдын ала қанша төлейміз

Лайла 17 Қазан, 2018

Бастапкы жарна болмаса, зейнетакыдагы каржны аударуга бола ма?

Парасат 18 Қазан, 2018

Бастапқы жарна болмаса,жер уйді кепілге қойуға болады ма

Сабит 18 Қазан, 2018

Алғашқы жарна болмаса зейнетақы қорынан аударуға болама?

Сабит 18 Қазан, 2018

Жетісай қаласында бұл бағдарлама қол жетімдіме? Жылы ескі пәтерлерді де алуға болама?

Бота 18 Қазан, 2018

Қарағанды қаласында қай жерге хабарласып толық мəлімет білуге болады

Арқалық 18 Қазан, 2018

Ипатика қалай алуға болады жəне жумыста жоқ адам ала алама