Дархан Қыдырәлі Ош мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атанды

12 Қазан, 2018 437 0

Қырғызстанның Ош қаласында өтіп жатқан ІІ қазақ-қырғыз зиялылар форумында Халықаралық Түркі академиясының  президенті Дархан Қыдырәлі мен  академияның аға сарапшысы Қадыралы Қонқобаевқа Ош мемлекеттік университетінің  Құрметті профессоры  атағы берілді. Бұл туралы академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап NewsRoom+ ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ош мемлекеттік университетінің ректоры Қаныбек Исаков Академия ғалымдарына Құрметті профессор атағы берілгендігі туралы университет  ғылыми кеңесінің шешімін көпшіліктің алдында  оқып берді. Сонымен қатар, TWESCO-ның  бауырлас  халықтардың ынтымақтастығы мен ғылыми  интеграцияны  тереңдетуге айырықша үлес  қосып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, белгілі түрколог Қадыралы Қонқобаевты 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Өз кезегінде TWESCO президентінің кеңесшісі Ержан Исақұлов мерейтой иесінің иығына академия атынан шапан жауып, сый-сияпат жасады.

Тегтер: дархан, қыдырәлі, ош, профессор, қазақстан, қырғызстан

Пікір қалдыру