Бүгін Түркістан қаласына «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы келді

23 Қыркүйек, 2018 36 0

Бұл экспедиция Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылғы 17 қыркүйек күні Бурабайдағы Абылай хан алаңынан бастау алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған newsroom.kz.

Үш көлікпен сапарға шыққан 10 азамат XVIII ғасырдағы «Көкшетау-Ақмола-Ұлытау-Түркістан» керуен жолымен мыңдаған шақырым жол жүріп, қазақ даласының тарихын зерттеген. Түркістан облысы әкімдігінде өткен жиында жоба жетекшісі Мұрат қажы Ыдырысұлы бұл іс-шараның мақсаты туралы кеңінен айтып берді.

«Абылайханның қара жолы» жобасының ата-бабалар тарихын жаңғыртудағы маңызы зор. Біздің тобымызда тарихшы, географ, өлкетанушы ғалымдар мен тілшілер және зиялы қауым өкілдері бар. Олар жол бойындағы ауылдарға соғып, аңыз-әңгімелер жинап, сапар барысында кездескен тарихи орындарды белгілеп, қағазға түсірді. Сапар қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жарық көреді. Экспедиция бүгін Абылай хан мәңгі қоныс тепкен ұлы шаһар – Түркістанға келіп отыр. Түркістан облысы құрылып, шежірелі қаланың жаңа дәуірі басталып жатыр екен. Сіздерді осы қуанышты оқиғамен құттықтаймын. Түркістанның қазақ тарихында орны ерекше, - деді экспедиция жетекшісі.

Осы экспедицияда аясында топографиялық карта дайындалмақ. Ал, сапардан соң Көкшетауда республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарланып отыр.

Тегтер: абылай, хан, тарих, мәдениет, түркістан

Пікір қалдыру