Мырзағали Айтжанов: Түркістанға заманауи спорт кешендері салынады

05 Қазан, 2018 296 0

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің халқына арнаған Жолдауында спорттың дамуына ерекше көңіл бөлу керектігін атап өтті. Бұқаралық спортты дамыту – ұлт саулығының кепілі екенін ақиқат. Осы орайда Мемлекет басшысы 100 спорт кешенін тұрғызу жөнінде тапсырма жүктеді.

Күні кеше ғана Түркістанға сапарында Елбасы еліміздегі ең мықты кәсіпкерлерге жаңа нысандарды салуды тапсырды. Соның ішіндегі 10 мың адамдық заманауи стадион, су кешені, аула клубтарын бар.

Спорт – әлемдік аренада ел абыройын асқақтатын, елдің, ұлттың атын шығаратын бірден бір сала. Спортқа көңіл бөлу – елдің абыройына назар салу деген сөз. Ал, еліміздің беделін көтеретін спортшылар қайдан шықпақ? Әрине, ондай жастар жер-жерлердегі спорт залдардан, жаттығу кешендерінен шығады. Мұны Елбасымыз да жақсы түсінеді.

Сондықтан да спорт кешендерін салу, оларды қарапайым халық арасында қолжетімді ету жөнінде ұсыныс айтты. Президентіміз өз сөзінде спорт кешендеріне кіру үшін оқушыларға жеңілдік жасау керектігіне тоқталды. Бұл өз кезегінде бұқаралық спорттың дамуына, осы саланың жалпыхалықтық сипатқа ие болуына оң ықпал етпек.

 Мырзағали АЙТЖАНОВ,

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері,

Түркістан облысы

Пікір қалдыру