Мархабат Байғұт: Биылғы Жолдау нақтылығымен ерекше

05 Қазан, 2018 305 1

Бүгін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Жолдауынан соң, зиялы қауым өкілдері де тыс қалмай, елге қажетті,халқымызға пайдалы Жолдау жайлы пікірлерімен бөлісті. Соның ішінде Түркістан облысының тумасы,
жазушы, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, облыстың құрметті азаматы, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Мархабат Байғұттың пікірін жариялауды жөн санадық. 
–Биылғы Президент Жолдауы жыл сайынғы Жолдаулармен салыстырғанда  нақтылығымен ерекше деп ойлаймын. Елбасы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына баса мән беріп, коммуналдық- шаруашылық саласында, отандық өнеркәсіпке қолдау білдіру керектігіне тоқталды. Сонымен қатар, көлік-логистикалық инфрақұрылымды жолға қойып, ішкі туризмді дамыту қажеттілігін атап өтті. 
Тағы айта кетейік,  учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп көтерілетіні жайлы айтылды. Сондай-ақ, Президент жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту қажеттігін атап өтті. Бұл қуантарлық жайт. Алдағы уақытта медицина саласы дами түсетіні айдан анық. Президенттің халыққа Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдап, оның жүзеге асырылуына өз  үлесімізді қосамыз деп санаймын.

Тегтер: елбасы, жолдау, назарбаев, қазақстан, астана

Пікір қалдыру

Имангалиева Айгуль Даурбеккызы 05 Қазан, 2018

Елбасынын осы жолгы жолдауын бастан аяк тындадым,халыктын накты конилинен шыккан жолдау болды,шымбайга баткан шындыктар мен киындыктарды ашык айтты, катты айтты.Асресе мугалимдер мен даргерлерге,карапайым жумысшы, орта касипкерлерге жасалатын колдауын естиген карапайым адамдардын Елбасына ризашылыгын бир ауыз созден жеткизу мумкин емес,осы маселелер жузеге асатын болса халыктын жагдайы казиргиден алде кайда жаксы болар еди.Биз Елбасына сенемиз сол себепти де киындыктарга тозип,шыдап келмиз,болашакта осылай кордаланган маселелердин биртиндеп шешилетинине козимиз жетти,тек Елбасымыз аман,елимизде тыныштык болса болды.