Мемлекет тегін пәтерді ешкімге бермейді - Елбасы

05 Қазан, 2018 2713 0

Президент бүгінгі Қазақстан халқына жолдауында енді ешкімге тегін пәтер берілмейтіндігін айтты деп хабарлайды, Newsroom.kz. 

«Мен тағы бір рет барлықтарыңыздың алдыңызда, бүкіл ел алдында «қазір бізде әлем басқа, бізде нарықтық экономика» деп айтқым келеді. Мемлекет тегін пәтерді ешкімге бермейді. Несиелермен, жеңілдіктермен көмектесуге болады. Бірақ, ондай пәтер жоқ. Бізде бұндай заң жоқ. Біз соғысқа қатысқандарға 10 реттен (баспана-авт) берген шығармыз. Олардың балалары, немерелері мен шөбелерін қамтамасыз етіп бердік. Жарайды, соғысқа қатысушылар ғой. Енді еш жерде тегін пәтерлерге кезек болмауы керек. Олардан пайда жоқ, ешкім бермейді», - деді Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев.


Пікір қалдыру