Президент қол қусырып отыратын мемқызметшілерді сынады

05 Қазан, 2018 281 1

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауы кезінде қол қусырып отыратын мемлекеттік қызметшілерді сынады, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 
«Өзімнің тәжірибемнен білемін. Бөлімде он адам отырса, соның ішінде үшеуі ғана баршасы үшін аянбай еңбек етеді. Қалғандары қол қусырып отырады. Сәйкесінше, тек жұмыс істей алатындарға барлығын жүктеп қояды. Осы үшеуі барлық есепті жасап, негізгі жұмыстарды атқарады», - деп тоқталды Елбасы. Осы орайда Президент жұмысына салғырт қарайтындардың орнына нақты жұмыс істейтіндерді қалдыру керектігін атап өтті. Бұдан бұрын хабарланғандай,  бүгін Ақордада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілер арасындағы бәсекелестік туралы айтып берді.



Пікір қалдыру

Алдаберген 05 Қазан, 2018

Штатағы маманың жұмысын - штатан тыс мамандар ( келісім шарт бойынша деп төмен жалақы белгілеп , оған арнайы жұмыс орын , құрал- жабдық техникасын беріп: )... Өздері тек қалтасын толтыруды ойлап отырады. Өткені олардын жұмысын басқа біреулер атқаруда...Бір бұйрықпен келсім шарт қол асты жұмыс жүргізушілер жойылса - нағыз маман көзге көрінер еді...