Қазақстандық өнім өндірушілер өз өнімдерін итальяндық серіктестері мен тұтынушыларға таныстырды

04 Қазан, 2018 975 0

«Слоу Фуд Қазақстан» эко-гастрономиялық қозғалысы Қазақстанның Сыртқы сауда палатасымен біріге отырып, Терра Мадре Дәм салоны (Terra Madre Salone del Gusto) көрмесінде экологиялық таза өнімдерді ұсынды. Азық-түліктің әлемдегі ең ірі шарасы 2018 жылдың қыркүйек айының 20 мен 24 аралығында Италияның Турин қаласында өткізілді. Бұл жиын 143 мемлекеттен 7000 делегат пен 900 экспонентті жинады.

Қазақстандық стенд Орталық Азия елдерінің ішінде ең ірісі болды. Алдын-ала іріктеу нәтижесі бойынша Итальяндық жақпен бекітілген келесідей өнімдер көрмеде таныстырылды:

• органикалық балы, «Шығыс нектары» ЖК, Алматы қаласы;

• бидайдың өскін дәндерінен жасалған талқан, «National Food

Company» ЖШС, Қостанай қаласы;

• саумал қосылған шоколад (бие сүтінен), өндіруші Қазақ тағамтану

академиясы жанындағы «SHARMAN» салауатты тамақтану ұлттық орталығы», Алматы қаласы;

• жент, өндірушісі «Инсар-Астана» ЖШС, Астана қаласы.

Қазақстан делегациясының құрамында өнім өндірушілер, ауылшаруашылық кооперативтері, мейрамханашылар, агрономия саласының ғалымдары және азық-түлік қауіпсіздігі белсенділері ат салысты. Екіжақты және көптарапты талқылаулар аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісімдерге қол жеткізілді. Көрмеде саумал қосылған шоколад (бие сүтінен) ерекше сұранысқа ие болды.

Эко-гастрономиялық «Терра Мадре Салон Вкуса» фестивалі аясында қазақстандық делигация мүшелері негізгі спикер ретінде төмендегі сессияларға белсене қатысты:

1)     «Тарихи бау-бақшалар, жанды бау-бақшалар» -  Левин Владимир, Алматы қаласы Слоу Фуд, Сиверс алмасы жабайы бағы және апорт сорты туралы

2)    «Әйелдер билігі: Егістіктен ресторанға дейін» -  Гульмайра Баймакова, Ақмола Слоу Фуд, «Жер Ана Астана», фермер-әйелдер ассоциациясының жұмысы туралы

Терра Мадре Дәм Салоны көрмесін ұйымдастырушылар - Турин қаласының әкімшілігі, Слоу Фуд халықаралық қозғалысы және Италияның ауыл шаруашылығы, азық-түлік және орман саясаты министрлігімен бірлесе Пьемонт аймағының әкімшілігі. Көрмеге тек қана органикалық, экологиялық таза азық-түлік өндірушілер қатысады.


* Қазақстандық Сыртқы сауда палатасы 2014 жылы құрылды. Халықаралық және ұлттық көрмелер мен жәрмеңкелерде отандық өнімдерге қолдау көрсетеді. Қазақстандық тауарлар мен қызметтерді әлемдік нарыққа шығару үшін халықаралық маркетинг пен жарнамалық қолдауды жүзеге асырады. 

* Слоу Фуд халықаралық қозғалысы әлем бойынша экологиялық таза азық-түлік өндіретін ұсақ және орта ауыл шаруашылық өкілдерін, тамақ өнеркәсібіндегі өнім өндірушілерді белсенді түрде қолдайды. Ұраны: «Дәмді, таза, адал». Қазіргі уақытта Қазақстанның Слоу Фуд қозғалысы еліміздің барлық өңірінен 2000-ға жуық өкілді біріктіріп отыр. 2017 жылдың қыркүйек айында қозғалыс тарихында бірінші рет Слоу Фуд Халықаралық кеңесіне Қазақстандық өкіл сайланды және алдағы үш жыл ішінде Орталық Азия мемлекеттері, Кавказ, Ресей, Украина және Белорусия елдерінің мүдделерін қорғайтын болады. Халықаралық кеңес өкіл болып Қазақстан Слоу Фуд координаторы Аида Баймакова сайланды.

 

Тегтер: қазақстан, италия, астана, рим

Пікір қалдыру