Елші Нұрлан Сейтімов Тәжікстанның экс-Сыртқы істер министріне «Н.Төреқұлов» медалін тапсырды

01 Қазан, 2018 614 0

2018 жылғы 1 қазанда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ұжымының қатысуымен Қазақстан Республикасының жоғары дипломатиялық наградасы «Нәзір Төреқұлов» атындағы медалін Тәжікстан дипломатиялық қызметінің ардагері Талбак Назаровқа табыстады. Бұл туралы елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі хабарлайды. 

Т.Назаров 12 жыл бойында Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі лауазымын атқаруы барысында қазақ-тәжік қарым-қатынастарын нығайтуға елеулі үлес қосты. Біздің елімізде оның Қазақстан мен Тәжікстанның сыртқы саясат ведомстволарының өзара ықпалдастығын барынша жоғары деңгейге көтеру жөніндегі еңбегін жоғары бағалайды.

Өз сөзінде Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин Т.Назаровты Қазақстан Республикасының наградасын алуымен құттықтады және қазақ-тәжік екіжақты қарым-қатынастарының стратегиялық әріптестіктің жоғары рухына сай екендігін атап өтті.

Елші Н.Сейтімов T.Назаровқа ұзақ өмір, зор денсаулық және дипломатиялық қызметтегі өзінің бай тәжірибесін тәжікстанның жас дипломаттарына табысты беруін тіледі, сондай-ақ Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің ұжымын кәсіби мерекесі - Дипломат күнімен құттықтады.

T.Назаров дипломат ретінде оның қызметін жоғары бағалағаны үшін Қазақстан басшылығына алғысын білдірді және Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықтың одан әрі нығаюын тіледі.

 

Тегтер: нұрлан, сейтімов, елші, тәжікстан, душанбе

Пікір қалдыру