"2018 жылдың үздік педагогы" байқауы басталды

30 Қыркүйек, 2018 801 13

Министрлікте «2018 жылдың үздік педагогы» атағын тағайындау бойынша Республикалық комиссия жұмысын бастады, деп хабарлайды БҒМ Баспасөз қызметі.

Таяу күндері педагогтардың төл мерекесі – Ұстаздар күні атап өтіледі. Педагогтардың қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында 2012 жылдан бастап жыл сайын республикалық «Үздік педагог» конкурсы өткізіліп келеді. 

Алты жыл ішінде конкурсқа 27556 мұғалім қатысқан. Оның ішінде, мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  304 мұғалімі жеңімпаз атанып, 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай сыйақы мен «Үздік педагог» төсбелгісінің иегерлері болып танылды.
Биыл «2018 жылдың үздік педагогы» атағын тағайындау бойынша Республикалық комиссияның қарауына мектепке дейінгі және орта білім саласы  педагогтарынан  109  құжат, техникалық және кәсіптік білім саласынан 37 құжат келіп түсті.
2018 жылғы 19 қыркүйекте министрлікте «2018 жылдың үздік педагогы» атағын тағайындау бойынша Республикалық комиссия жұмысын бастады.

Конкурстың  қорытындысы бойынша, 64 жеңімпазға «2018 жылдың үздік педагогы» төсбелгісі, куәлік, сондай-ақ, 1000 АЕК сомасында сыйақы табысталады

Пікір қалдыру

Гульмира Жумагалиева 30 Қыркүйек, 2018

Салеметсизбе.Байкауга катыссам деймин.Рахмет алдын ала

Алтынай 30 Қыркүйек, 2018

Байкауга катысуга өтініш қай жерде калдыру керек?

Килибаева Рауа Маликовна 30 Қыркүйек, 2018

Байкауга катысуга өтініш қай жерде калдыру керек?

Ғалымжан 30 Қыркүйек, 2018

менің үздік педагог болуға лайықты ұстаздар көп екеніне сенемін

Райхан 30 Қыркүйек, 2018

Қатысу шарттарын жіберсеңіз! Рахмет

Ғалия 30 Қыркүйек, 2018

Өз басым колледжде 25 жыл бір орында жұмыс жасап келемін. Осы уақыт аралығында қаншама мектепте дейінгі ұйымдарға мамандар дайындадым. Менің түлектерімнің жеткен жетістіктерін естіп қуанып қаламын. Ал үздік ұстаз деген атақ дауыс беру арқылы анықтау деген дұрыс емес кейде Ватсапқа өтінемін дауыс берсеңіздер деген сұраныстар жүреді. Ал жұмыс барысында істеген еңбегіне қарай бағалау дұрыс сияқты бірақ қазір кім аттестациядан өтеді соған беру керек деп жататындар да бар. Кейбір басшылар көңілі қалаған адамдарына беріп жатады.

Ляиля 01 Қазан, 2018

Қатысу шарттары қажет еді. 36жыл еңбек етсемде мұндай сайысқа қатысппын. Рахмет!

Асан 01 Қазан, 2018

Қай уақытта жəне қашан болады?

Баян 02 Қазан, 2018

Саламатсыз ба?! Байқауға қалай қатысуға болады.? Мектепте 36 жыл жұмыс атқарып келемін.

Баян 02 Қазан, 2018

Байқауға қалай қатысуға болады? Еңбек өтілім36 жыл