Түлкібаста М.Тынышбаев пен Т.Рысқұловтың ескерткіші ашылды

27 Қыркүйек, 2018 443 0

Түркістан облысында Түлкібас ауданының 90 жылдығы аталып өтілді. Мерекелік шара Т.Рысқұлов ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Кейін Т.Рысқұлов ауылдық округіндегі Түлкібас темір жол станциясындағы қазақ халқының бір туар азаматтары М.Тынышбаев пен Т.Рысқұловтың жаңа ескерткішінің ашылу рәсімімен жалғасты. Ескерткіштің ашылуында аудан әкімі Н.Тұрашбеков, ғалым Д.Қамзабекұлы, дербес зейнеткер Ө.Қалықұлов сөз сөйлеп, қос тұлғаның атқарған еңбектері жайлы айтып өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Айтулы шара аясында аудан орталығы Т. Рысқұлов ауылында жаңа көпір пайдалануға берілді. Ауданның мерейтойында ашылған жаңа нысан өңір тұрғындары қуанышты жаңалық болды.

Сондай-ақ, мерейтойға қатысушылар Түркістан облысының киелі жерлер географиялық картасына енген «Түркібасы әулиесі» кесенесімен танысты. Кесененің ашылуына аудан әкімі Н.Тұрашбеков сөз сөйлеп, рухани жаңғыру аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Ауданның мерейтойы аясында жаңа саябақтың ашылу рәсімі болды. Орталық саябақтың жалпы жер көлемі 2,2 гектар. Саябақ толығымен қоршалып, абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, балаларға арналған ойын алаңшаларымен жабдықталған.

Пікір қалдыру