Сайрам ауданында 60 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде

20 Қыркүйек, 2018 466 0

Түркістан облысы Сайрам ауданында ағымдағы жылы елді мекендердің ішкі көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджет есебінен жалпы ұзындығы 59 шақырымды құрайтын 60 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, аудан орталығы Ақсукентте 33 көше, Ақбұлақ, Қарасу және Манкент ауылдарында екі көшеден жалпы 6 көше, Қарамұрт елді мекенінде 3, Жібек жолыда 2 көше жөнделуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қазіргі таңда, Сайрам ауданынан өтетін облыстық маңызы бар бірқатар автомобиль жолдары облыстық коммуналдық меншіктен аудан қарамағына қабылданып, аталған жолдарға құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Сондай-ақ, ауыл әкімдіктері есебінен қаралған 155,5 мың теңгеге Ақсукент, Қарасу, Қарабұлақ, Манкент ауылдарында ұзақтығы 13,5 шақырым болатын 21 көше орташа жөндеуден өткізілді.

Бұдан өзге,  аудан көлеміндегі апатты жағдайдағы 3 көпірге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджет есебінен жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы толық пайдалануға берілді.

Пікір қалдыру